Саясат

Тоқаев Арменияда жүріп Сингапур премьерімен кездесті

Ли Куан Ю мен Елбасы жақсы дос болған адамдар

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кеше Арменияға ұшып барған еді. Өйткені бүгін, 1 қазан күні, Ереванда Еуразиялық Экономикалық одақ елдерінің кездесуі өтуі тиіс болатын.

Осы отырыстың алдында Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше елдің басшыларымен кездесіп, маңызды мәселелерді талқылаған көрінеді. Мұны мемлекет басшысы Твиттердегі парақшасында хабарлады.

Алдымен қазақстандық басшы Еуразиялық экономикалық кеңес аясында Сингапур премьер-министрі Ли Сянь Лунмен кездесіп, екі елдің арасында Сауда-экономикалық, инвестициялық, қаржы және көлік-логистика салаларындағы ынтымақтастығымызды нығайтуға уағдаласқан.

- Елбасы мен оның әкесі (Ли Сянь Лунның - ред), марқұм Ли Куан Ю жақсы достар болған еді, - деп жазады Тоқаев Твиттерде.

Бұдан кейін Иран Президенті Хасан Руханимен кездесуде ынтымақтастығымыздың өзекті мәселелерін талқылап, сауда-экономикалық саладағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға келіскен.

Ал осыдан кейін Арменияның Премьер-министрі Никол Пашинянмен кездесіп, екі елдің арасында ашық диалог орнатуға уағдаласқан.

Сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарында ЕАЭО елдерінің басшылары бірігіп, мәз болып селфи жасаған суреттері тарады.

- Кейбір әріптестеріміз селфи жасағанды ұнатады, ал кейбірі ұнатпайды. Ұнатпайтындар үшін де іштік, - деп жазады Пашинян әлеуметтік желіде.

Бұдан армян премьер-министрінің «ұнатпайтындар» деп отырысқа келе алмай қалған Лукашенко мен Путинді меңзеп отырғанын түсінуге болады.