Саясат

Қарттар күні: Министр жылыжай сыйлады

Еңбек министрі қарттар күнімен құттықтады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі ҰОС-да фашизмді жеңуге, Қазақ КСР-інің дамуына және тәуелсіз Қазақстанның жас буынын тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін елорданың 100 жастағы тұрғынына өз алғысын білдірді. 

Сонымен қатар, «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-нің зейнеткерлеріне жылыжай сыйлады, оларға отанымыздың игілігі жолындағы еңбектері үшін алғысын білдірді.

«Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері, еңбек және құрметті зейнеткерлер, сіздерді Қарттар күнімен – даналық пен мейірімділік мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Аға буын өкілдері – елдің алтын қоры, салт-дәстүрді сақтаушылар, отансүйгіштік, адалдық, үлкен шыдамдылық пен оптимизм үлгісін көрсетеді. Осы тамаша және жарқын мерекеде шын жүректен денсаулық, ұзақ ғұмыр, бейбітшілік пен өркендеуді тілеймін! Сіздердің әр күндеріңіз махаббат пен ықылас жылы лебізге толсын!» – деп министр тілегін жеткізді.

inbusiness.kz