Weekend
Елбасының өнері қызына Дариғаға берілген екен
Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Instagram желісінде өмірбаяны жайында деректер жариялап отыратын жаңа айдар қосылды. Қосылғаны кеше ғана. Ал бүгін Тұңғыш Президенттің алғаш домбыраны қалай ойнауды үйренгені жайлы естелігі пайда болды.
- Әнге жақын адаммын. Бұл менің балаларыма да берілген екен. Әсіресе, Дариғаға. Бала күнімде домбыра үйренуді қатты қалағаным есімде. Бірақ ешкім үйреткен жоқ, үйреткісі де келмеді. Біздің көшеде тұратын кейбір балаларда гармошка (сырнай) бар-тұғын. Бірақ оны сатып алуға кез келгеннің қалтасы көтере бермейді. Бірде біздің бір көршіміз жазда үй салуды бастады. Жаздай соған көмектестім. Үйіміздің дәл жанында жарқабақ бар еді. Соның топырағын аяғыммен езіп, кірпіш құйып кептіріп, көршіге таситынмын. Бір айдың ішінде 5 мың кірпіш құйдым. Жаздай еткен еңбегім үшін көршіміз 32 сом берді. Соның 29 сомына сырнай сатып алдым. Өзім алып, өзім үйрендім. Кейде музыка ойнап отырған кезде, ауылдың балалары жиналып, шетінен билеп, елдің мазасын алатын. Әкеміз үйден шығып, айғайлап қуып жіберетін. Сондықтан ауылдан алыс кетіп, егістікке барып ойнайтынбыз, - деп еске алады Елбасы.