Bugin

Ақорда митинг жайлы заңды өзгертуге дайын

Заң қабылдайтын уақыт жетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

1 қазан күні Ақордада Ұлттық кеңес отырысында ұсынылған мәселелері қарау бойынша жиналыс  өтіп, қоғам белсенділері митинг жайлы заңнаманы өзгерту жайлы ойларын айтқан, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Ерлан Қаринның Телеграмдағы арнасына сілтеме жасап.

Жиналысқа Бас прокуратура, ІІМ, Әділет министрлігі, Ақпарат министрілігі басшылары мен Президент әкімшілігінің өкілдері қатысқан. Ал Ұлттық кеңес мүшелерінен Мұхтар Тайжан, Жеміс Тұрмағамбетов, Асылбек Қожахметов, адам құқығын қорғау жөніндегі құзіретті өкіл Эльвира Әзімова, құқық қорғаушы Евгений Жовтис шақырылған.

Ұлттық кеңес өкілдері бейбіт митинг өткізу жайлы заң жобасын өзгертуді сұраған.

- Отырысқа қатысқандардың барлығы митинг жайлы заңнаманы өзгертетін уақыт жеткендігін, атап, айтқанда қоғамдық іс-шаралардың формаларын – митинг, наразылық, пикет нақты топтастырып, бейбіт митингтерге рұқсат беруді жеңілдету керектігін атап өтті, - дейді президенттің көмекшісі.

Жиналыстың қорытындысы бойынша Ақпарат министрлігіне ұсыныстарды топтастыруға тапсырма берілген.