Саясат

Колумбияда сотталған экс-сенатор терезеден қашып кеткен

Билік ұстауға көмек көрсеткен адамға сыйақы бермек

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Дауысты пара беріп жинау және заңсыз қару ұстағаны үшін 15 жылға сотталған колумбиялық экс-сенатор Аида Мерлано түрмеден қашып кетті. Ол Богота қаласының солтүстігіндегі тіс дәрігеріне барған кезінде сытылып кеткен, деп хабарлайды РИА Новости.

Мерлано «Эль-Буэн-Пастор» атты әйелдер түрмесінде жазасын өтеп жатқан болатын, оны сол жерден «Ла-Сабана» клиникасына стоматологтың қабылдауын алып келген. Кабинетке кіргеннен соң, экс-сенатор арқанның көмегімен терезеден түсіп, азық-түлік жеткізушісінің киімін киген белгісіз адамның мотоцикліне мініп қашып кеткен екен.

Қазіргі уақытта билік тіс дәрігерін де тексеріп жатыр, өйткені ол да оқиғадан кейін емхананы асығыс шығып кеткен.

Ал дәрігерге келген кезде, Мерланоның жанында күзетші мен жүргізуші ғана болған.  Сондай-ақ, билік қашып кеткен қамаудағыны ұстауға көмек көрсеткені үшін сыйақы ретінде 10 миллион песо ұсынады.

Айта кеткен жөн, 2018 жылдың наурызында Колумбияда заңнамалық сайлау өткен кезінде, тәртіп сақшылары Мерланоның штаб-пәтеріне басып кіріп, ол жерден сайлау дауысын сатып алу желісі туралы дәлелдер тапқан.

Сот талқылауы барысында агенттер 268 миллион песосын қолма-қол ақшамен (шамамен 76 570 АҚШ доллары) және Мерланоның кампаниясы шығыстардың рұқсат етілген лимитінен асып түскенін куәландыратын құжаттарды, сондай-ақ сатып алынған дауыстар туралы жазбаларды анықтаған. Мерлано Сенатта өз орнын жоғалтып, түрмеге қамалды, бейресми хабарламаларға сәйкес, ол жерде ол өзіне-өзі қол жұмсауға тырысқан.