Саясат
Том Круз Украинада кино түсірмекші
Трамптың телефон оқиғасының шырмауында қалған Украина президенті салтанатты бас штабында Том Крузбен тебірене кездесті деп хабарлайды, Украинаның "Dailymail" ақпараттық сайты.
30 қыркүйек күні бұрынғы актер, қазіргі саясаткер Володимир Зеленский "Миссия" фильміндегі жұлдызды актерді қабылдады.
Президент Зеленскийдің кеңсесінің хабарлауынша, Голливудтың супер жұлдызы Украинада шығарылуы мүмкін фильмнің түсірілетін орынын зерттеп жатқан көрінеді.
Украин басшысы қазір АҚШ президенті Трампты тартып қана қоймай, Голливуд жұлдыздарын да баурауға тырысуда.
Басылымның жазуынша, Зеленский Крузбен кездескенде, құдды өзін өнер саласында орын тапқандай қуанған екен. Круз кабинетке кірген кезде Зеленский «Сіз фильмдегі түріңізден аумайсыз» деп қарсы алған. Ал Голливуд жұлдызы болса, оған "Мен осылай ақша табамын" деп күліп жауап берген.
Зеленский қалжыңға күліп, өзінің президент болудан қаншалықты шаршағанын айтты және Украинаның шығысындағы тоқтап қалған бейбітшілік процесін де атап өтті.
Бірақ кездесуде Трампен болған телефон әңгімесі жайлы ештеңе айтылмаған. Екі көшбасшы арасындағы қоңыраулар жазбасында Трамптың президент Зеленскийге өзінің жеке адвокаты Руди Джулианидің қызметтерін Байденнің іс-әрекетін тергеуге көмектесу үшін ұсынғаны туралы айтылған. Ал бұл АҚШ-та Трампқа импичмент жасауға себепкер болды.
Зеленский бұған дейін украйналық актер Мила Куниспен және оның күйеуі Эштон Катчермен және Чернобыль телехикаясының актрисалары Робин Райт пен Крейг Мазинмен түскен фотоларымен бөліскен болатын.