Экономика

Қазақстанның сыртқы қарызы қанша?

Бір мемлекет қана қарыз

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстанға әзірше бір мемлекет қана қарыз. Ол – Грузия. Оның Қазақстан алдындағы қарызы 25,4 млн доллар. Қазақстан Қаржы министрлігінің хабарлауынша, қазір Грузияда қиын экономикалық жағдай орнағандықтан, қарызын төлеп жатқан жоқ. Ал 2017 жылы несиенің келісімшарты өзгертіліп, жаңа шарттар енгізілген.

- Негізгі қарыз сол күйі қалып отыр. Грузия 2025 жылға дейін қарызды 37,9 млн доллар етіп қайтаруы тиіс. Қазіргі жағдайда Қазақстанға Грузиядан басқа ешқандай ел қарыз емес, - деп хабарлайды Қаржы министрлігі.

Ал Қазақстанның жалпы мемлекеттік қарызы 40 млрд доллар немесе 15 трлн теңгені құрайды. Ал бұл соманың 31 млрд доллары немесе 12 трлн теңгесі үкіметтің қарыз болып табылады: оның 14 млрд доллары – сыртқы елдерден алынған қарыз болса, 17 млрд доллары – ішкі қарыз.

Қазіргі уақытта Қазақстан Халықаралық қайта құру және даму банкіне, Еуропа қайта құру және даму банкіне, Азия даму банкіне және Ислам даму банкіне қарыз.

Tegrinews.kz