Саясат

Түркіменстан президенті мәжіліс кезінде ІІМ басшысын залдан қуып шықты

10 жылдан астам уақыт қызмет атқарған бұрынғы ішкі істер министрі барлық мемлекеттік наградалардан айырылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы кезінде елдің Ішкі істер министрі Исгендер Муливокқа көңілі толмай, бірден қызметінен босатты.

Бердімұхамедовтің ашулануына елдің Бас прокурорының отырыста отырып баяндаған есебі себеп болған. Онда Ішкі істер министрінің қаншама заңсыздыққа барып, өз қызметіне жауапсыздық танытып отырғаны айтылған.

Мәселен, бас полицей Муликов түзеу мекемесінің уақытша басқарушысы болып ветеринариялық білімі бар адамды тағайындаған. Азаматтардан пара талап ету, қызметтік көлікті жеке мақсатта пайдалану сынды заңсыздықтары тағы бар. Осының барлығы бас полицейдің қызметтен босауына себеп болған көрінеді.

Алайда Turkmen news басылымының жазуынша, Муликовтың қызмет қуылуына мүлдем басқа себеп әсер еткен. Яғни, ол бизнесмен Чары Куловпен байланыста болғаны үшін қызметінен босатылған. Ашхабадтың ықпалды және бай кәсіпкерлерінің бірі қыркүйек айының ортасында тұтқындалған еді. Оның ісін «жауып» отыруға Муликов көмескен көрінеді.

- Аталған заң бұзушылардың бәрі қамауға алынды. Жоғарыда келтірілген фактілер ішкі істер министрінің өз міндеттерін тиісінше орындамағанын көрсетеді, - деп хабарлайды TDХ мемлекеттік ақпараттық агенттігі.

Түрікменстанның ресми ақпарат құралдары экс-министрдің ендігі тағдыры туралы үнсіз. Алайда «Гундогар» басылымының хабарлауынша, Муликов қазір қамауға алынды. Ал, Азаттык радиосы бұрынғы ішкі істер министрінің жеке жүргізушісі Мақсат Амановтың та қамауға алынғандығынын хабарлайды. Радионың хабарлауынша, қамауға алынған Чары Кулов экс-министрдің бизнесін жүргізіп отырса, ал Аманов делдал рөлін атқарған.