Bugin

«Алдап кетті»: Ахметбек Нұрсиланың былықтары шығып жатыр...

Бизнесі жоқ бизнесмен

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ахметбек Нұрсила кезінде Павлодарда жұмысшыларының айлығын бермей қан қақсатқаны туралы өткен жылы белгілі журналист Ардабек Солдатбай маған телефон беріп айтқан болатын. "Ахметбек деген асқан алаяқ, оны неге жақтап мақала жазып жүрсің" деп. Себебі жақсы сөйлеген адамның бәрі жақсы адам деппіз. Ежелгі дәстүрлі идеямен қанша жерде қанша "алдамшыны" ақтап қапы қалып жүрміз. Сол кездегі Ахметбек туралы бір қырынан насихаттаған әрекетіме кейін өкіндім...

Оның алғаш Астанада бизнес бастау мектебін ашуға көмек берген Раушан Қалмомынұлы бастаған 10 адамды лақтырған кеткенін бүгін естідім.

Елордада тұратын Раушан ағамыз "Мен Ахметбек Нұрсиланың былықтарының бері жағ-ғ-ғ-ғ-ын ғана айтып отырмын" дейді.

«Дайын бизнес», «Бизнеске жәрдем» сынды жеңілдігі бар бизнесті беремін деп уәде беріп, кейін жер соқтырып кеткен. Сонымен Перизат және Раушанды алдап жер соқтырған. Табиғат деген Қытайдан келген програмист жігітті де сан соқтырып кеткен. Неше айлап көз майын құртып жүріп жасап берген дүниесінің ақшасын бермей зар илеткен (Екі мың доллар). Екі мың доллар – ол кезде өте көп ақша. Гүлісқан жүз мың беріп қалай алданғанын видио сұхбатта айтқан.

Раушан сол алғаш жалған атағы жоқ кезде Ахметбектің жұмысын ұйымдастырып, қазір Түркияда тұратын Гүлқан бастаған өте білімді азаматтар бірлесіп құрып берген болатын. Ол кезде әр оқушыдан әр сабағына 30 мың теңгеден алған. Қысқасы сол кезде Бизнес бастауға араласқан азаматтардың көп сандысы алданған.

Бұл жазғандардың бәрінің дәлелі бар. Егер керек болса кез келген майданда бұлтартпас айғақтар дайын тұр.

Бизнес бастауға жастарды жинап алып күніне "Мен бақыттымын" деп жын ұрғандай жүз рет секіртсе бақытты болып кете ме адам? Ахметбек мырза, жастардың миын улап, қалтасын қаққанды қойыңыз!

Әр ағым екі ай ғана. Сол екі ай сайын мың оқушы оқиды екен. Олардың әр бірі жүз мың теңге төлейді. Қысқасы, екі ай деп айтады, бірақ жалпы 8 күн ғана оқиды. Ал сол 8 күнде бизнесмен болып кетеді дегенге итім де сенбейді... Сонда қазақ жастарының әр екі ай сайын жүз миллион теңгесін қағып жатады екен. Кредиттің құшағында жүрген халыққа жаның ашысын, Ахметбек!

Ал одан жұмыс бастап кеткендер мыңнан бір ғана. Бұған ескерту жасайтын құзырлы орындар жоқ па? Бұл туралы депутаттардың да өзі айтып жүрген. "Не деген аспаннан жауған ақыл" деп...

Серік Боқанның Facebook-тегі парақшасынан