Саясат

Тәжікстан Қытайдың 70 жылдығына ең ірі күміс кенішін сыйлады

Қытайдың Тәжікстанда ықпалы артуда

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Тәжік билігі Таулы Бадақшанда орналасқан «Якджилва» күміс кенішін Қытайдың 70-жылдығына орай «Каши Синьюй Дади Майнинг Инвестмент Лимитед» компаниясына  сыйға тартты. Бұл туралы арнайы шешім 1 қазан күні төменгі палата отырысында қабылданды. 

Құжатта Қытай тарапы қанша инвестиция құйғандығы жайлы жазылмаған. Қытайға аталмыш кен орнын беру туралы ұсыныс маусым айында айтылған болатын. Нақты шешім Қытай Халық Республикасының құрылған күнінде арнайы қабылданды. 

"Якджилва" кеніндегі күміс қорының жалпы көлемі 204 тонна 920 келіні құрайды.