Bugin

Университет студенттері Біртановтың қызметтен кеткенін қалайды (Видео)

Біртаңов кетсе, дәрігер боламын!

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Медициналық оқу орындарының резиденттері денсаулық сақтау министрі Елжан Біртаңовтың қызметтен кетуін талап етті. Өйткені студенттерді ЖОО оқудан шығармақ ниетте көрінеді.

- Дәрігер болам деген үмітім сөнді. Мені өзім ақысын төлеп отырған резидентурадан қуып жатыр. Бір адамның шешімімен-ақ. Заңсыз, менің еркімсіз. Туыстарым менің дәрігер болғанымды қалайды. Біздің елімізде қателік жасаған дәрігердің түрмеге отыратынын білемін. Бірақ Біртаңов орнынан кетсе, дәрігер болып, еліме қызмет етер едім, - дейді резиденттердің бірі.

Қалған резиденттер "Біртаңов кетсе, дәрігер боламын", "Егер Біртаңов кетсе, адамдарды емдеумен айналысар едім", "Егер Біртаңов кетсе, терапевт болып, сіздерді емдеймін", "Егер Біртаңов кетсе, мен балалардым емдеймін" дейді видеоүндеу жасады.

"Жастар батыл. Оларды тыңдау керек", "Бірауыздан қолдар едім, менің де айтарым осы", "Көптеген резиденттер оқусыз, жұмыссыз қалды, бұны шешу керек" деп жазды олар.