Bugin
Полиция департаменті мен Ішкі істер Министрлігінің әр қадамын аңдимын!
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comБелгілі видео-блогер Руслан Жанпеисов Шымкент қаласында өткен баспасөз брифингіде Ішкі істер министрлігін сотқа беремін деп мәлімдеген.
Сөзіне сенсек, оған жалған айыптар тағылып, заңсыз тұтқындаған. Тіпті желіге таратқан ақпараттар жаңсақ болып шығыпты. Яғни, ол ешқандай бұзақылық жасап, билік өкіліне тіл тигізбегенін алға тартты. Және бұған дейін сотты болғанымен, олардың жазасын толығымен өтеп шыққан. «Қоғамға қауіпті емес, тиісінше қорғаушымын!» деген Жанпеисов (Бибарс Раимбеков) келесі қадамы Ішкі істер Министрлігіндегі заңсыздықты әшкерелеуге бағытталғанын мәлімдеген.
- Мені тұтқындағанда олар кәнігі ұялы телефонға түсіріп тұрды, полиция бөлімінде ондай смартфон ұстауға тиым салынған емес пе? Мұнда да заң бұзылып отыр. Еш негізсіз, менің үйімді не үшін тінтіп, тексергенін де Министрлік маған түсіндіріп бере ала ма? Енді осыдан кейін, мен Ішкі істер Министрлігінің әр қадамын аңдимын. Әрбір басқан қадамды видеоға түсіріп, заңсыз әрекеттерді әшкерелеймін. Полиция қызметкерлерінің де қызметі менің жіті бақылауымда болады. Себебі бұл біздің қауіпсіздігіміз үшін төлеген салықтарымыз, - дейді Бибарс Раимбеков.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61