Саясат
Boeing-ге берілген субсидия заңды емес
ЕО мен АҚШ арасындағы сауда қақтығысы шиеленісіп барады. Бұған Boeing және Airbus-қа құйылған субсидия себеп болып отыр. Соған орай Вашингтон ЕО-дан импортталған өнімдерге 18 қазаннан бастап айыппұл салады, деп хабарлайды "dw.com".
АҚШ-тың бұл шешімін Дүниежүзілік сауда соғысы да мақұлдап отыр.
Бұрын мұндай шараларды ДСҰ мақұлдаған көрінеді. Мұны АҚШ-тың сауда жөніндегі уәкілетті әкімшілігінің өкілі Роберт Лойтхойзер мәлімдеді.
Сонымен қатар, ол қақтығысты шешу үшін Брюссельмен келіссөздердің басталуын күтетіндігін атап өтті.
ДСҰ-да атап өткендей, баж салығы 100 пайызға жетуі мүмкін, ал олар салатын тауарлардың жалпы сомасы жыл сайын 7,5 млрд долларды құрайды.
Іс жүзінде, АҚШ билігі осы уақытқа дейін азаматтық авиацияны ЕО-дан әкелуге қосымша 10 пайыздық төлеммен шектеу туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар, бірқатар ауылшаруашылық және басқа тауарлар үшін 25 пайыз мөлшерінде айыппұлдар енгізілетін болады.
Сауда жөніндегі Еуропалық Комиссар Сесилия Мальмстрём ДСҰ шешімінен кейін: «Егер Америка Құрама Штаттары баж салығын енгізсе, Брюссельге де солай жауап беруден басқа амалы қалмайды»,- деп ескертті.