Саясат

Елімізде алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

3-5 қазанға арналған ауа райы болжамы жасалды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Суық антициклонның Батыс Сібірдің оңтүстігіне ығысуына байланыста елімізде құбылмалы ауа райы сақталады.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы бұлтты, жауын-шашын болмайды. Тек батыс өңірлерде жаңбыр жаууы мүмкін. Кей өңірде түнде үсік жүруі мүмкін.

Еліміздің орталық және шығыс өңірлерінде түнгі ауа температурасы – -1-7°С.  Кей жерлерде сынап бағасына -12°С-қа дейін төмендейді.

Жамбыл, Қостанай облыстарының кей жерінде тұман түсіп, күндіз жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Түркістан, Қызылорда, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с-ке дейін жел соғады.

Атырау, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады.

Қызылорда облысында түнгі уақытта 1-3°С үсік жүруі мүмкін.

Түркістан облысының басым бөлігінде, Қызылорда облысының шығысында, Жамбыл облысының солтүстік-батыс бөлігінде, Қарағанды облысының батысы мен оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының онтүстігінде және Шығыс Қазақстан облысының солтүстік бөлігінде өрт қаупі жоғары.

3 қазанда Нұр-Сұлтанда түнде +2 градус нөлден жоғары, ал күндіз ауа температурасы +13 градусқа дейін көтеріледі. Алматыда түнде +10, күндіз +17 градус болады. Шымкентте түнде сынап бағанасы +16 градусты көрсетсе, күндіз +26 градусқа дейін ысиды.

4 қазанда елордада түнде +3, күндіз +15 градус жылы болады. Алматыда түнде +12 градус, күндіз +18 градус жылы болмақ. Шымкентте түнде 14 градус, күндіз 25 градус жылы.

5 қазанда астанада түнде 3, күндіз 17 градус нөлден жоғары. Алматыда түнде +11, күндіз +18 градус болады. Шымкентте түнде 13 градус жылы, күндіз сынап бағанасы +22 градусты көрсетеді.