Экономика

Трамп АҚШ-тың ең бай адамдарының рейтингісінде төмендеп кетті

Президент болғалы бері дәулеті төмендеуде

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АҚШ президенті Дональд Трамп өз еліндегі ең бай адамдардың қатарынан түсіп кетті.

Forbes журналының мәліметі бойынша, Дональд Трамптың байлығы екі жыл болды, азайып барады. Қазіргі дәулеті, шамамен, 3,1 млрд долларды құрайды.

АҚШ көшбасшысы 2019 жылы ең бай америкалықтың рейтингісінде 400-дің 275-сіне келіп аяқ тіреді. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда 16 орын төмен түсіп кеткен. Трамп президенттік қызметіне кіріспес бұрын, ол рейтингте 119 орынға жоғарырақ тұрған еді.

Басылым жазуынша,  Трамптың қаржылық жағдайы да тұрақты емес. Мысалы, оның есімі пайда болған бизнес көп ұзамай шығынға ұшырап отырған. Бұл құрылыс салушылардың жобаларды қазіргі президенттің атына бергісі келмеуіне байланысты деп түсіндіріледі.