Түркі әлемі
Алғашқы он жылдық мерейлі меже - мереке құтты болсын!
Бүгінгі Түркі дүниесінің ынтымақтастық күнімен құттықтап, Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі өзінің Facebook парақшасында жазба қалдырды.
Қадірлі достар, қымбатты бауырлар!
Бүгін - Түркі дүниесі ынтымақтастық күні!
Осыдан он жыл бұрын Нахчыванда өткен тарихи Саммитте Түркі кеңесі, Түркі академиясы, Түркі мәдениет және мирас қоры, Ақсақалдар кеңесі құрылды.
Содан бері бауырластық байланыстар бекем болып, аталған құрылымдардың қанаттары бекіп, ТҮРКСОЙ, ТүркПА ұйымдары да нығая түсті.
Тамыры терең ынтымақтастық аясы кеңейіп, оған әуелі Еуропадағы Мажарстан, биыл да іргедегі Өзбекстан еніп отыр.
Он жылда саяси, экономикалық, мәдени, рухани, ғылыми байланыстар артып, Түркі әлемі деген ұғым берік орнықты.
Негізі он жыл бұрын Нахчыванда қаланған Халықаралық Түркі академиясы бес жыл бұрын халықаралық мәртебе алып, Байқалдан Балқанға дейінгі аралықтағы тілі мен түрі ұқсас, тамыры бір, тарихы мен тағдыры жақын, жүрегі де, тілегі де ортақ түркі әлеміне қатысты зерттеулерін тереңдетіп келеді.
Түркі әлемінің ынтымақтастығы арта берсін!
Бауырластық бекем, бірлігіміз берік болсын!
Алғашқы он жылдық мерейлі меже - мереке құтты болсын!