Bugin

ШҚО-да қасқыр қырған 70 қойдың видеосы жарияланды

Мұндай сұмдық бұрын болған емес

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Тарбағатай ауданының Ахметбұлақ ауылындағы шопанның қорасына қасқыр түсіп, 70 қойды "жарып" кеткенін белгілі болған. Бүгін ауыл адамдарының қырылып жатқан қойларды түсірген видеосы жарияланып отыр.

Иә, видеоны түсірген автор 80 қой қырылғанын айтады. Алайда малдың иесі Назар Садуақасов пен ауыл әкімі Дәуітбек Ниязбеков қасқыр тартқаны 70 бас деп көрсеткен болатын.

Ертеңінде Назар Садуақасов  осы ауылдағы тағы бір үйге түз тағысы түскені туралы хабарлады. Бұл жолы Аман Тисанов есімді азаматтың бес қойын тамақтап кетіпті.

Біз осы ауыл тұрғындарынан "Апаннан бөлтірік алған жоқсыздар ма?" деп сұрадық.

– Бөлтірігін алған жоқпыз. Олай етсек, қасқырдың тыныштық бермейтінін жақсы білеміз. Жыртқыштың өздеріне де тимедік. Өйткені, рұқсатымыз бола тұра бізге мылтық ұстатпайды. Шекара, міне, ауылдың іргесіне тиіп тұр. Әскерилер су алып тұрсаң да, ауыл ішінде жүрсең де, қалтаңда төлқұжаттың түпнұсқасы бар-жоғын тексереді. Болмаса, айыппұл салады, – деп жауап берді Назар Садуақасов.

Видеода айтылғандай, былтыр қорасына түскен қасқырды соғып алған адам айыппұл арқалапты.

Алдыңғы мақалады бұл ауылда байланыс болғанымен, интернетке кіру мүмкін емес, қырылған қойдың видеосы кейінірек келетінін жазған едік.

Altaynews.kz