Саясат
Қолданушылардың жеке деректері жарияланып кеткен
Түркияның Дербес деректерді қорғау басқармасы (KVKK) бейсенбіде Facebook-ке пайдаланушылардың құпия деректерін бұзғаны үшін 1,6 миллион лира (282 мың долларға жуық) айыппұл салды. Бұл туралы report.az хабарлайды.
Хабарламада айтылғандай, өткен жылы Фейсбук пайдаланушылардың құпия деректерін бұзып, 280 мың қолданушының дербес деректерін таратып жіберген. Ондай деректердің ішінде азаматтардың аты-жөні, туған күні, мекен-жайы сынды деректер бар.
- Бұл бұзушылықты болдырмау үшін заңда көзделген қажетті әкімшілік және техникалық шаралар қабылданбаған. Жеке мәліметтерді қорғау бойынша өз міндеттерін орындамағаны үшін Facebook-ке 1,15 миллион лирасы айыппұл салу туралы шешім қабылданды. Билікке құпия деректердің тарап кеткені жайында хабарламағаны үшін Facebook-ке тағы 450 мың лира көлемінде қосымша айыппұл салынды, - делінген KVKK хабарламасында.
Мамыр айында Түркияның Дербес деректерді қорғау басқармасы пайдаланушылардың құпия фотосуреттеріне қол жеткізу мүмкіндігіне байланысты Facebook-ке 1,65 миллион түрік лирасы (270 мың доллар шамасында) көлемінде айыппұл тағылды.