Weekend
Уақытты үнемдеуге арналған лайфхактар
1. Өз уақытыңды жоспарла!
Алдымен істеу керек істердің тізімін жасап, соны орындауға кірісу керек. Оның екі жолы бар: бірі - оңай істен бастап, кейін қиындау шаруаларды бітіру, екіншісі - ең қиынынан бастап, кейін жеңіл істерді орындау. Ең бастысы уақыттың маңыздығына қарай шаруаны белгілеу керек.
2. Бір мезгілде барлығына назар аударуға тырыспа!
Бір мезетте барлық істі бітіремін деп ойлама. Тіпті, мұндай жағдайда компьютерлердің өзі тоқтап қалады. Иә, көп міндетті атқару режимінде өмір сүре білу - құрметке лайық. Бірақ олай өмір сүру - эмоциялық күйзеліске әкеледі. Сақ болыңыз!
3. Өзіңе сыйлық жаса!
Есепті аяқтадың ба, кездесуді сәтті өткіздің бе, киім-кешекті жинадың ба, демек, шаруаны бітірген соң, өзіңізді "еркелетіп", жеңілдік жасап отырыңыз.
4. "Жоқ" деп айтуға үйреніңіз!
Сыпайылық пен әдеп үшін кез келгенге "иә" дей бермеңіз. Өзіңізді де құрметтеп, "жоқ" деп айтып, уақытыңызды үнемдеңіз.
5. Әлеуметтік желіде өмір сүрме!
Досың қызықты сілтеме жіберді ме? Оны қарауға, оқуға 10 минут уақыт кетуі мүмкін. Кейде ол бір сағатқа дейін уақыт алуы мүмкін. Виртуалды әлемге жақындамаңыз деп отырғанымыз жоқ. Тек орнымен ғана уақыт жұмса.
6. Үзіліс жаса. Кем дегенде, 15 минуттан!
Зерттеу мәліметтері бойынша, ересек адам бір жарым сағаттан артық жұмыс істей алмайды. 90 минуттан кейін ми шаршайды. Сондықтан оған демалуға және қайта жүктеуге мүмкіндік беріңіз, ал өзіңізді күшейтіңіз.