Саясат

Facebook жағымсыз пікірлерді өзі іздеп, өзі жойып отыруы мүмкін

Facebook Еуропалық сот шешіміне наразы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Австрияның экс-саясаткері сотта әлеуметтік желідегі жағымсыз пікірлерді алып тастауға, осыған ұқсас пікірлердің барлығын жоюды талап еткен. Еуропалық сот бұл ЕО-ның заңдарына қайшы келмейді деп шешті. Бұл туралы noi.md хабарлайды.

Енді Facebook интернет-платформасы әлеуметтік желіде жазылған пікірлерді, сөзбе-көз қайталанған не мағынасы соған ұқсас жағымсыз пікірлерді өзі тауып, өзі жойып отыруы тиіс. 

Бұған австриялық «жасылдардың» бұрынғы саясаткері Ева Главишниг-Пищектің сотқа жазған талап арызы себеп болған. Ол әлеуметтік желіде жазылған жағымсыз пікірлерді алып тастауды талап еткен. 

Сот саясаткердің арызын қанағаттандырғанымен, бұған Facebook наразы. Олардың айтуынша, бұл сөз бостандығына шектеу болуы мүмкін. Одан бөлек, желі қолданушыларын бақылау да заңсыздыққа әкелмек.