Weekend

Вандалдар мемориалдан Гандидің күлін ұрлады

Оқиға Гандидің 150 жылдығын мерекелеу күні болған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Үндістандағы мемориалда тұрған ұлттық-азаттық қозғалыс жетекшісі Махатма Гандидің күлі ұрланды, деп хабарлайды РИА Новости.

1948 жылы қаңтарда Ганди өлтірілгеннен кейін оның мәйіті өртеніп, күлі бірнеше бөлікке бөлінген болатын. Олардың біреуі Мадхия-Прадеш штатындағы мемориалда сақталған еді.

Оқиға Гандидің 150 жылдығын мерекелеу күні болған. Ұрыларды «Ұлттың атасы» үшін құрметін көрсетуге келген жергілікті кеңес төрағасы Гурмэт Сингх байқап қалған, деп жазады жергілікті газет. Сонымен қатар, вандалдар мемориал ғимаратының кіреберісіне «ұлттың сатқыны» деген сөздерді жазып қалдырған.

- Бұл Гандиді өлтірген Натхурама Годзені жақсы көретіндердің ісі сияқты. Бұл жеккөрушілік дереу тоқтатылуы керек және полиция жедел әрекет етіп, кінәлілерді анықтап, ұстауы тиіс, - деді Сингх.

Мохандас Карамчанд Ганди – Үндістанның ұлт-азаттық қозғалысының идеологы. Ұлыбританиядан азаттық алуға себепкер болған ұлттық атасы.

Гандиді радикал ұлтшыл Натхурама Годзе 1948 жылы 30 қаңтарда өлтіріп кетеді. Оның пікірінше, индустардың мүдделерін мұсылман халқының пайдасына құрбан еткен Гандидің саясатын сынға алды. Годзе өлім жазасына кесіліп, үкім 1949 жылы қарашада орындалады.