Саясат
АҚШ-Ресей қарым-қатынасы
Ресей Азиядағы Орта және аз қашықтықтағы (РСМД) америкалық зымырандардың пайда болуына қарсы. Бұл туралы Ресей президенті Владимир Путин "Валдай" халықаралық пікірталас клубының пленарлық отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС.
- Бұл Азиядағы жағдайды жақсарта ма? Жоқ, тек нашарлап, жаңа қауіп-қатерлер туындатады, - деді ол түпкілікті шешім қабылданғанға дейін жағдайды реттеуге үміт білдіре отырып.
Бұған дейін Путин АҚШ-тың орташа және аз қашықтықтағы зымырандар туралы шарттан шығуына байланысты әлемдегі жағдай нашарлап кеткенін мәлімдеген болатын.
Ал тамыз айында АҚШ Мемлекеттік хатшысының қару-жарақты бақылау және халықаралық қауіпсіздік жөніндегі орынбасары Андреа Томпсон АҚШ-тың одақтастарымен Азияға орташа қашықтықтағы зымырандарды әкелу жағын талқылайтынын мәлім еткен еді.