Спорт
ЦСКА ойсырата ұтты
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com"Сантьяго Бернабеу" стадионында өткен кездесу 3:0 есебімен ресейлік клубтың пайдасына шешілді. Бірінші таймда ресейлік клубтың шабуылшысы Федор Чалов 37-ші минутта есеп ашты, араға алты минут (43-ші) салып қорғаушы Георгий Щенников есепті еселеді. Ойынның 73-ші минутында жартылай қорғаушы Арнор Сигурдссон финалдық кездесудің нүктесін қойды.
Осындай есеппен корольдік клубты жеңгеніне қарамастан небәрі 7 ұпай жинаған ЦСКА G тобында төртінші орынды қанағат тұтты. Чемпиондар лигасының келесі кезеңіне бұл топтан "Реал" және италиялық "Рома"шықты. Ал чехиялық "Виктория" командасы Еуропа лигасында өнер көрсетеді.

QazSport арнасы "Реал" - ЦСКА және "Шахтер" - "Лион" матчтерін, ал Qazaqstan - "Валенсия - "Манчестер Юнайтед" кездесуін көрсетті.
Дереккөз: vesti.kz
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61