Саясат
Сауд Арабиясының әйелдеріне сарбаз атанып, сержант атағын алуға мүмкіндік берілді
Сауд Арабиясының «Саркул Авсат» газетінің хабарлауынша, Қорғаныс министрлігі әйелдерге әскери тапсырма орындау жол ашты. Бұл 2030 көзқарасы аясында жасалып отыр.
Сауд Арабиясының құрлықтағы, әуе және әскери-теңіз күштері, стратегиялық зымыран күштері және қарулы күштер денсаулық сақтау корпусы аймағындағы әйелдер енді офицер мен сержант болып қызмет ете алатын болды.
Қорғаныс министрлігі бұл бастаманы "дұрыс қадам" деп бағалап отыр.