Weekend
Өлең
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comШекесі қызған кімді көрдің?
Бәрі күйбең тірлікпен жүр.
Бір-біріне қарауға да,
Шамасы жоқ.
Бәлкей ақшаны биік қойған,
Санасы жоқ.
Көшелерде әрі-бері сандалыс,
Толассыз жүрген адамдар.
Біреуі жұмысына жөнкіліп,
Енді бірі үйіне қарай асығар.
Бірінде де уақыт жоқ,
Аялдауға...
Тоқтауға...
Сәл жымиып,
Қал сұрауға,
Мұрша жоқ...
Осылай өмір өтуде,
Тоқтамай күнде айналып.
Бір күні келер сын сағат,
Тоқтайтын барлық тіршілік.
Тоқтайды күйбең, қым-қуыт,
Өтіп жатқан уақытың...
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61