Bugin
Бір адамға табынатын жағымпаздар көбейген соң, қазақ әйелдері алаңға шықты
Мұхамеджан аға!
Қазақ жігіттерінің миы уланып, әр қарындасыңды талақ қылып, бір-біріне сыйлап жатқанда неге осылай айтпадың?!
Елдің еркектері елді дамытуды ойлап жүргенде, біздің еркектер балақ кесіп, намаз оқып, сіз бөліскен террористің уағызын тыңдап Сириядан бір-ақ шықты.
Егер сіз халықтың мұңын жырлап, жоғары жаққа дұрыс ақпарат жеткізгенде, мүмкін алаңда әйелдер жүрмес еді?
Сіз сияқты елдің алдында жүрген қазақтың еркектері президентті "патша", "құдай" деп жағымпазданып, сарайға құл болмағанда, қазақ аналары үйде отырар еді.
Ия, Сарай сауысқаны болып отырып сайрау оңай!
Елім деген қазақ жігіттері қамалып, атылып, сіз сияқты бір адамға табынатын жағымпаздар көбейген соң, қазақ әйелдері алаңға шықты.
Қазақ әйелдеріне ғана күші жететін, еркектер көбейген соң біздің ел жемқорлыққа толды. Қыздарымызды кез келген ұлт астына басты!
"Қытайдан қорықпа, құдайдан қорық" депсіз!
Құдай келіп сенің жеріңді, қарындасыңды, ұрпағыңды қорғап бермейді. Ол үшін сізге аяқ қол берілген!
Қарындасыңның арын бүгін қорғамасаң, бүгін алаңға шығып жатқан аналар ертең сол Қытайдың астында жатады!
Ия, сіз сияқты сауысқанша сақылдай алмасам да, "патша" алдында елдің мұңын "дат" деп айта аламын!
Қоғамдағы еркектердің жартысын улап, етектілермен айтыстырып қойғаныңыз аздай. Енді полиция қызметкерлеріне кірістіңіз бе?
Бұл елдің еркегі әйелдер мен емес, билікте отырған тілін білмейтін, ұлтын сыйламайтын еркектермен күрескені дұрыс! Халықты жеп, сырт жаққа миллиондап тасып жатқандармен күрес!
Егер қазақтың жігіттері мықты болса, қазақтың аналары алаңға шықпас еді!
Айгүл Орынбектің Facebook-тегі парақшасынан алынды