Саясат
Өз әскерилері өз тікұшағын құлатқан
Үндістанның әскери-әуе күштерінің қолбасшысы Ракеш Кумар Сингх Бхадаурия жеті адамның өліміне әкелген бұрынғы Джамму мен Кашмир штатында ақпан айында Ми-17 тікұшағының құлауы үнді әскери қызметшілерінің кінәсінен болғанын мойындады, деп хабарлайды NDTV телеарнасы.
- Бұл біздің тарапымыздан үлкен қателік болды. Біз оны мойындаймыз. Тікұшақты қағып түсірген біздің зымыран болып шықты, - деп мәлімдеді Нью-Делиде өткен баспасөз мәслихаты кезінде еліміздің әскери-әуе күштерінің қолбасшысы.
Ол штаб болған оқиғаға кінәлі адамдарды жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қолданатынын айтты.
Ми-17 апаты 27 ақпанда Пәкістан шекарасына жақын жерде орын алды. Құлау салдарынан Үндістанның алты әскери қызметшісі мен бір азамат қаза тапты. Үндістанның әуе күштері Балакот қаласындағы лаңкестердің жаттығу лагерін жою үшін Пәкістанға басып кірді. Пәкістан билігі өздерінің тікұшақтың құлауына қатыстылығын жоққа шығарған болатын.