Саясат

АҚШ-Қытай кикілжіңі: АҚШ әскерін күшейтуде

АҚШ Бейжің әскери шеруі кезінде жаңа жойқын қаруды сынақтан өткізді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

1 қазан күні Бейжің Қытай Халық Республикасының құрылуының 70 жылдығын атап өту барысында Қытай өзінің әскери күшін көрсетті, бірақ екі держава арасындағы қарулану қарқыны күшейе түсуіне орай, оған жауап ретінде АҚШ жаңа қаруын сынады, деп хабарлайды «Express» сайты.

Қытайдағы зымырандардың саны АҚШ-тікінен үш есе көп. Алайда Вашингтонның суда қолдануға арналған қаруы Бейжіңдікінен де қуатты. Сондықтан басылымның хабарлауынша, бұл қару Бейжіңді біраз үркітуі мүмкін. 

RAND корпорациясының аға қорғаныс сарапшысы Тимоти Хит: «Пентагон Қытайдың азаттық армиясына төтеп бере алатын әскери күш құруда. Бұл қосын қытай әскерінің ұрымтал қорғаныс аясында емін-еркін әрекет ете алады», - деді.

Қытай төрағасы Си Цзиньпин даулы Оңтүстік Қытай теңіз аймағын Бейжің бақылауға алу керектігі туралы талай айтқан. Аталмыш су аймағын басқаруға Қытаймен бірге АҚШ та, Австралия да, Азияның көптеген елдері де көз тігіп отыр. 

Сондықтан мұндай аймақты басқаруға қуатты әскердің қажет екендігі түсінікті.