Саясат
Өскемен қаласы
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтың Өскемен қаласында жүріп жатқан құрылыс нысандарына көңілі толмайды. Бұл туралы Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы облыс әкімінің әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Достар, Өскемендегі тұрғын үйлердің құрылыс барысын тексердім. Атап айтқанда, 113/1-113/8, 58/2а, 60а және 63а позициялары.
«ВК Техногрупп» ЖШС, «Service СМУ» ЖШС мердігер мекемелері атқарып жатқан жұмыс қанағаттанарлықсыз. Сонымен қатар, қалалық әкімдік те өз міндетін нашар орындауда. Әлі күнге дейін бұл нысандарды қолданысқа беру үшін тиісті шара қолданылмаған.Желтоқсанның соңына дейін бұл нысандардың құрылысы аяқталуы тиіс. Бұл соңғы мерзім.