Bugin
Арман Шораев орнын босатты
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comҚР Ақпарат және қоғамдық даму министі Дәурен Абаев Qazaq kuresi ұлттық федерациясының президенті болып тағайындалды.
- Менің Qazaq kuresi федерациясын басқарғаныма осымен алты жыл болды. Қазір ақпарат және қоғамдық даму министрі болып отырған, бұған дейін Елбасы баспасөз хатшылығында қызмет еткен Дәурен Абаев - қазақ күресіне үлкен мән беретін, біздің жобаларымызға қамқорлық танытқан адам. Біздің кезекті конференциямызда Дәурен Абаев Qazaq kuresi Ұлттық федерациясының басшысы болып тағайындалды, - деді федерациясының экс-басшысы Арман Шораев баспасөз конференциясында.
Шораев Дәурен Абаевтың қазақ күресін дамытатына сенім артып отыр.
- "Қазақстан барысы", "Еуразия барысы" жобаларын жоғарғы деңгейге көтерген, ең алдымен, журналисттердің өзі дегенді жиі айтып жүремін. Сондықтан Дәурен Абаевтың қазақ күресіне басшылық етуі жаңа дем, даму мен алға жылжу деп ойлаймын, - деп түсіндірді ол.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61