Weekend

Астанамыз Нұр-Сұлтан болғалы еркін жүруден қалдық...

Бүгіннен бастау үшін себеп болмай, кейінге қалдыруға сылтау тапқан жандарға орын жоқ шығар бұл ортада?!

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтан болғалы еркін жүруден қалдық. Сіздерде қайдам, өзімде "бүкіл ел бір адамның уысына ауысқандай" сезім болды. Жауыр болған тақырып. Дегенмен көкейде сайрап жатқан ой босқа тұмшаланып қалмасын. Айтарым көп, бірақ айтқаннан пайда жоқ.

Астана "Астана" болғалы қашан. Бәленінші жылдың, пәленше күні деп уикипедия жасаудың қажеті бола қоймас. Шыны керек, Астана маған мүлдем ұнамайтын. Сүп-сүйкімді қаланы сұрықсыз түр салып алып сұрландырып жүрген халқы кінәлі. Сол себептен болар, қанша тырыссам да тәніммен қоса жаным да тартылмады. Бірақ мен қазір осы шаһарда қызмет етіп жүрмін. Неге? Бір ғана себеп: Астананың атауы "Нұр-Сұлтан" болуы. Жаман ба, жақсы ма қайдам, бірақ маған шын қорған боларлық ағама келгендей болдым. Атаудың да осынша әсері болады екен-ау. Былайша айтқанда, енді Нұр-Сұлдандікімін)

Байқадыңыз ба? Басында басқаша жазып, енді өз ойыма қарсы шығып отырмын. Бәрі сіздер үшін. Екі жақты да тыңдау керек. Ал шешім шығаруға жол жоқ!

Қысқасы, таныстық үшін толымсыз материал. Көп жазғанмен көзіңіз талып аяғына дейін оқи алмассыз немесе мәтіні мүлде ұнамас. Орталарыңызға келген қазақтың бір қызына қасқырлық танытпаңыздар. Жемтігімді табу үшін емес, іштегі тынымсыз ойлар саусағымнан санаға жетерлік мақала болып жазылсын деген ниетпен келдім. Бәріңіз де бір күні бастадыңыз, мен де бүгіннен бастайын!