Саясат

Путин: Ресей Қытайға зымыраннан қорғаныс жүйесін құруға көмектесіп жатыр

Бұл Қытайдың қорғаныс қабілетін түбегейлі арттырады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бейжің әскери шеру ұйымдастырып, озық зымырандарын әлемге көрсеткеннен соң, Мәскеу де Қытайдың қорғаныс жүйесіне қатысты пікір қозғады, деп хабарлайды "Theguardian" ақпараттық сайты.

Ресей президенті Владимир Путин Мәскеу Қытайға баллистикалық зымырандардың ұшырылуын ескертетін жүйені құруға көмектесіп жатқанын айтты.

Қырғи қабақ соғыстан бері жер үсті радарлары мен ғарыштық спутниктерден тұратын жүйе тек Америка Құрама Штаттары мен Ресейде ғана бар. Бұл жүйе құрлықаралық баллистикалық зымырандарды ертерек анықтауға мүмкіндік береді.

Путин бейсенбі күні Мәскеуде өткен Халықаралық қатынастар конференциясында сөйлеген сөзінде Ресей Қытайға осындай жүйені дамытуға көмектесіп жатқанын айтты. 

- Бұл Қытайдың қорғаныс қабілетін түбегейлі арттыратын өте маңызды мәселе, - деді.