Саясат

Украина президенті қиын сынақтарға тап болуы мүмкін

Зеленский бітімгершілік мәмілеге келмек

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Украина президенті Зеленский сәрсенбіде Ресеймен және Донбаста мәскеуді қолдайтын сепаратистермен бітім келісімін жасамақшы, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы «Vоаnews» сайтына сілтеме жасап. Сарапшылардың айтуынша, бұл екі бөлек республиканың Украинаның құрамында екеніне қарамастан автономиялы елге айналуына мүмкіндік береді.

13 мыңнан астам адамның өмірін қиған бесжылдық қақтығысты тоқтатуға бағытталған маңызды келісімді Кремль құптады. Ресей президенті Путиннің өкілі Дмитрий Песков қазір Франция, Германия, Украина және Ресей арасында төрт жақты бейбіт келіссөздер өтетін күнді күтетінін айтады. Ол келісімді «оң және күмәнсіз маңызды қадам» деп сипаттады.

Бірақ Украинада адамдар «Штайнмайер формуласы» деп аталатын мұндай транзакцияға, әсіресе, сайлаудан кейін Донбасс аймағына арнайы автономия беретін ережелерге күмәнмен қарайды. Келісімге сәйкес, сайлау Кремльдің ықпалына ұшырамауы керек.

Жоспардың сыншылары Зеленский Мәскеуге көп нәрсе беріп қойғанын айтады. Әрі осы себепті халық арасында наразылықтар туындауы мүмкін екенін ескертеді.

Зеленский өзінің көпшілікке танымалдығын пайдаланып мәмілені сатуға ниетті. Алайда Киевтің рейтингтік тобының сауалнамасы сауалнамаға жауап бергендердің 66%-ы бұл туралы білмейтінін, 23%-ы қарсы екенін, 18%-ы қолдайтынын анықтаған. Аталмыш Келісімнің формуласын Германияның бұрынғы сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайер ұсынған.

Сарапшылардың айтуынша, оның 70% танымал болуына қарамастан, бейбітшілікке ұмтылу бұрынғы теледидар комедияшысы Зеленский үшін тәуекел болып табылады.

Штайнмайер формуласы деген не?

Формула ережелеріне сәйкес Ресей күштері мен Мәскеу қолдаған содырлар Донбасс республикаларын тастап кетулері тиіс, ал Ресеймен шекараны Украина бақылауға алады.

Сайлауды Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы бақылайды. ЕҚЫҰ сайлау өткізуді мақұлдап, оларды әділ деп санағанда ғана, бөлініп шыққан аймақтар өзін-өзі басқара алады.

Парламенттің бұрынғы спикері Андрей Парубий бұл жоспар «Украин мемлекетін құлату әрекеті» деп мәлімдеді.

Сайлау науқаны кезінде Зеленский өзін қазіргі соғыс партиясына қарсы күресетін «бейбітшілік партиясының» жетекшісі ретінде көрсете отырып, жағдайды жанжалға алып келгені үшін Порошенконы айыптаған болатын.

Маусым айында жүргізілген сауалнамада украиндықтардың 50%-ы Зеленский атысты тоқтатады деп үміттенетіні анықталған.