Саясат
Келіссөз біраз уақыт тоқтап қалған еді
Швецияда АҚШ-тың Солтүстік Кореямен ядролық келіссөздері басталды.
Швеция сыртқы істер министрі Анн Линде әлеуметтік желіде Құрама Штаттар мен Солтүстік Кореяның ресми делегациясы Швецияда кездесуге жиналатыны туралы жазды. Ядролық қарусыздану туралы бейбіт шешім табу диалогты қажет етеді.
Шведтік БАҚ-тың хабарлауынша, Солтүстік Корея атынан келіссөздерге қатысатын дипломаттар Ким Мён Гил мен АҚШ-тың Солтүстік Кореядағы арнайы өкілі Стивен Биегун.
АҚШ президенті Трамп пен Солтүстік Корея лидері Ким алғаш рет 2018 жылы 12 маусымда Сингапурде өткен тарихи саммитте кездесіп, Корея түбегін ядролық қарусыздандыру және ұзақ мерзімді бейбітшілік туралы келісімге келген.
2019 жылғы 26-27 ақпанда екі мемлекет басшылары Вьетнамның астанасы Ханойда кезекті рет кездесті, бірақ саммит күткеннен тезірек аяқталып, келісім жасалмай қалды.
- Олар санкциялардың толық жойылуын сұрады. Біз бұған дайын болмадық. Біз келісе алмадық, - деді Трамп Киммен кездесуі туралы.
Вьетнамдағы екінші саммиттен кейін келіссөздер тоқтап қалды.
Трамп пен Ким жақында 30 маусымда Солтүстік және Оңтүстік Корея арасындағы «қарусызданған аймақта» кездесіп, ядролық келіссөздер процесін жалғастыруды шешті.