Weekend

Жаңбырдың қандай пайдасы бар?

Улы жаңбыр деген не?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жаңбырдың пайдасы бар ма? Таза ауада серуендеу, адамның денсаулығына жақсы әсер тигізетіндігі белгілі. Ал жаңбырлы күні далаға шығу пайдалы ма?

Жаңбырдың емдік қасиеттері ерте заманнан белгілі. Адамдар оны шомылу және тамақ әзірлеу үшін қолданған. Қазіргі заманда ғалымдар әйелдерге беттерін жұмсақ жаңбыр суымен жууға кеңес беруде. Өйткені ол терінің ылғалдылығын сақтайды. 

Күзгі жауын-шашын жақсы болса, келесі жылы мол егін болады. Келесі жазда құрғақшылық орнаса да, өнім мол болады. 

Жаңбыр тамшыларының дыбысы – босаңсуға көмектесетін дыбыстық терапия. Жүрек-тамыр ауруларынан зардап шегетін адамдарға аса пайдалы. Сонымен қатар, жаңбырдан кейін ауа тазарып, тыныс алу жеңілдейді. 

Жаңбырлы жерде өсетін өсімдіктер үлкен келеді әрі жылдам өседі.  

Орман өрттерінің саны азаяды! 

Зиянын айта кетсек. Сарапшылардың пікірінше, өнеркәсіп пен кәсіпорындар, автокөліктер көбейген сайын, жаңбыр суы да зиян бола бастады. Өйткені жаңбыр суына қышқыл араласып, улы жаңбырға айналды. 

Бұл жауыннын астында жиі қалған жағдайда, шаш түсіп, организм улануы мүмкін. Күкірт және азот араласқан суды тұрмыста қолдану қауіпті.