Саясат
Ел атауы өзгерді
Нидерланды билігі Голландия атауынан бас тартты, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы The Guardian басылымына сілтеме жасап.
Мұндай шешім елдің имиджін жаңарту аясында белгіленді. Билік Голландия атауын естігенде, ел азаматтары оны есірткімен және Қызыл шамдар кварталымен (секс-индустрия өркендеген қала ауданы) байланыстырады деп санайды.
Нидерланды өздерін "жаһандық проблемаларды шешу үшін озық технологияларды әзірлеушілер" ретінде танытқысы келеді. Бұдан басқа, Үкімет Амстердамнан басқа да қалалардың туристтік тартымдылығын күшейтуді жоспарлап отыр.
Басылымның мәліметтері бойынша, Нидерландының аты 2020 жылғы Токиодағы Олимпиада кезінде және "Евровидение-2020" ән байқауында белсенді түрде қолданылатын болады.