Саясат

БАҚ: Трамп Зеленскиймен телефон арқылы сөйлескісі келмейді

Трамп Зеленскийге АҚШ Энергетика министрлігі басшысының талабы бойынша қоңырау шалған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АҚШ президенті Трамп Конгресте шілдеде украиналық әріптесі Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлескісі келмегендігін, тек АҚШ-тың Энергетика министрі Рик Перридің жедел өтініші бойынша ғана сөйлесуге келіскендігін айтты, деп хабарлайды ТАСС.

- Мен [Зеленскийге] қоңырау шалғым да келмегендігін білетіндер аз. Менің қоңырау шалуымның себебі – Риктің өтініші. Табиғи газды сұйылту қондырғысы [LNG] туралы тақырыпқа байланысты, - деп келтірді Трамптың сөзін портал дереккөзі.

Axios порталының хабарлауынша, АҚШ Энергетика министрлігінің басшысы туралы Ақ үй басшысы: «Бұл туралы қосымша ақпарат жақын күндері пайда болады», - деп қосты.

Порталдың хабарлауынша, Трамп телефонмен сөйлескенін қараша айында қызметінен кетуге ниеттенген Перридің мойнына жүктеуге тырысуы мүмкін.