Түркі әлемі
Кәсіби сәулетшілер салған
Павлодар облысындағы Әулиекөлдің маңынан Алтын Орда дәуіріне жатаны мазар үйіндісі табылды.
Ғалымдардың айтуынша, мазарда Алтын Орда кезеңінің жоғары тап өкілі жерленген. Сондай-ақ көк түсті әшекейі бар күмбез бұл жерде 500-600 жыл бұрын кәсіби архитекторлардың, құрылысшылар мен декорация мамандары болғанын дәлелдейді
Мамандардың айтуынша, мазар биіктігі 20 метр болған және кейбір жерлерде қызық белгілер бар.
Бұл белгілер шеберлердің немесе діни белгілер болуы мүмкін. Археологтар бұл белгілерді зерттейтін болады. Олар XIV ғасырда көшпенділер арасында исламды таратушылармен байланысты болуы мүмкін.