Bugin

Табысқа қарамайды: Әлеуметтік көмек туралы жаңа заң дайындалды

Атаулы әлеуметтік көмек мемлекеттік жәрдемақы түрінде беріледі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мұны бүгін Үкімет отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты.

Министр атаулы әлеуметтік көмек беретін заңды өзгертуге арналған заң жобасы дайындалып бітті. Заң жобасы азаматтың табысы мен мемлекеттік қолдау мөлшерін есепке алуды ашық әрі әділ түрде жүргізуді қалайды. Заң көпбалалы аналарға берілетін қолдау, атаулы әлеуметтік көмек, кепілді әлеуметтік топтама сынды әлеуметтік көмек түрлерін берудің тетіктерін қарастырған.

- Атаулы әлеуметтік көмекті алатын балалардың 60 пайыздан астамы – көпбалалы отбасыдан шыққандар. Сондықтан көпбалалы отбасыларға берілетін атаулы әлеуметтік көмекті табысқа қарамай берілетін мемлекеттік жәрдемақыға ауыстыруды ұсынамыз. Бұл көпбалалы аналардың беделін мойындап, олардың әл-ауқатын арттыру жолы болар еді. Ал мемлекеттік жәрдемақы болса, отбасындағы балалардың санына қарай берілетін болады. Шамамен, 42500 теңгеден 73 мың теңгенің аралығында болмақ, - деді Нұрымбетов отырыста.

ҚазАқпарат

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61