Bugin

Илон Маск, Сіз кімсіз?

Илон Маскпен қазақша танысуға болады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Илон Маск: Tesla, SpaceX және таңғажайып болашаққа саяхат» кітабының авторы Кремний алқабының ең танымал кәсіпкерінің өмірі мен жетістіктерін жан-жақты сипаттайды.

Эшли Вэнс кітап жазу барысында Маскпен 50 сағаттан астам уақыт әңгімелесіп, 300-дей адаммен сұхбаттасқан. Ол PayPal, Tesla Motors, SpaceX және SolarCity компанияларының қалай құрылғаны туралы қызықты оқиғалармен бөліседі.

Кітапта ойын құптамайтын дұшпандарына төтеп беріп, қазіргі заман өнеркәсібі туралы қалыптасқан пікірді өзгерте білген дара тұлғаның бейнесі суреттеледі. Вэнстің айтуынша, Маск дүниежүзілік бизнес тарихына зор үлес қосқан ең ірі тұлғалардың бірі және Томас Эдисон, Генри Форд, Говард Хьюз және Стив Джобс сияқты аттары аңызға айналған инноваторлар мен өнеркәсіп иелерінің қасиеттерін бойына сіңіре білген адам.

Оның өмірбаяны сипатталған бұл кітап Илон Масктің Оңтүстік Африкада өткен балалық шағынан басталып, қазіргі таңдағы оның бүкіл жаһандық бизнесменге айналу жолын сипаттайды.

Осы кітап жаңа технологияларға қызығушылық танытатын кез келген адам үшін көптеген қызықты мәліметтерге толы таптырмас ақпарат көзі болмақ.

Сонымен қатар, Эшли Вэнстің «Илон Маск: Tesla, SpaceX және таңғажайып болашаққа саяхат» кітабы көшбасшылық қасиеттер парадигмасы мен табиғатына қызығатын, және сапалы өмірбаян әдебиетін сүйіп оқитын оқырмандардың көңілінен шығатыны анық.

Жалпы, кітапты ҚАЗАҚ тіліне аудару сапасы жақсы және қарапайым тілде.

Қазіргі заманауи әрбір адам осы кітапты оқуы керек деп кеңес беремін.