Bugin

Қазақстанда кедейлердің саны 2 миллионға жетті

Немесе 400 мыңнан аса отбасы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Елде 2 миллион адам кедейшілік деңгейінде өмір сүріп жатыр. Мұны атаулы әлеуметтік көмек алуға құжат тапсырған адамдардың санынан белгілі болды.

Қазіргі уақытта атаулы әлеуметтік көмек 2 миллион адамға немесе 405 мың отбасына берілуде. Атаулы әлеуметтік көмек төлеу үшін мемлекеттік бюджеттен 204 миллиард теңге бөлінген.

Атаулы әлеуметтік көмек алатындардың көбі оңтүстікте тұрады: Түркістан, Жамбыл, Алматы облысы мен Шымкент қаласының тұрғындары АӘК-ті алушылардың 65 пайызын құрайды.

Хабар 24