Woman

Анна ханымның азабы

Назгүл Қарабалинаның рөлі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Орыс мәдениетін толық ашатын бұл қойылым мені бірден өзіне тарта жөнелді.

Ал қазақша сөйлей кеткенде іштей мақтанып кеттім, ойланып қарасам ақымақтық екен. Сол замандағы орыс халқының тұрмыс жағдайының жоғарғы екендігіне көзім жетсе, бірде әйел адамның ер адамға деген махаббатының тұрақты емес екендігіне ашуланып отырдым. "Аннаның махаббаттан басқаны көрмей ме" деп топшылап отырғанымда ұлы Сережаны қатты жақсы көретіндігін, оның болашағына алаңдайтынын көріп көңілім босап та кетті. Соңында бір пойыз шықты. Оның да бір үлкен мағынасы бар. Бірақ толық ашып айтпаймын. Себебі осы қойылымды көруге кеңес беремін.

Шынайы көзқарас. Назгүл Қарабалинаның демалыстан кейінгі рөлі Анна болды. Режиссері - Есмұхан Обаев. Қойылымды өте жоғары бағаладым. Қолданылған сапалы заттар мен билеп жүрген жастар көп. Енді көкейдегі бір сұрақ: жас буынғада мүмкіндік беріп көрсек Анна Каренина қойылымы осы деңгейде болар ма еді?