Қазақ киносы неге дамымай жатыр?

Қазақ киносының жағдайы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақ фильмдерінің қазіргі күйі.

Кезіндегі "Менің атым Қожа", "Тақиялы періште" секілді еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін сүйсініп көрген қазақ киноларының жайы бүгінгі таңда мүшкіл болып отыр. Қаптаған үнді мен түрік серияларын көрсетпейтін арна жоқтың қасы. Қай арнаны ашсаң да тәрбие мен мәні жоқ сериялдар көрсетіліп, жастарымыздың санасын улап, кері тәрбие беруде.

Бұл орайда, ең бірінші айтарымыз қазіргі күні шығарылып отырған қазақ филімдері болмақ. Режиссерлеріміздің табысты да таласты фильмдерінің бірі деп "Жаужүрек мың бала" фильмін алсақ та, одан табар кемшіліктер де жоқ емес. "Шал" фильмінде айдалада қойларын құшақтап қалған егде қартты көрсетсе, оған арнап тағы бірі "Кемпір" фильмін алға тартуда. Отбасының әр мүшесіне арнап режиссерлер кезектесе, кино шығарып жатқан секілді. Жақында ғана жарық көрген "Келинка Сабинка" қысқаметражды фильмі бұған дәлел. Егер ол фильмді шетел азаматтары көрсе, нағыз ұят сонда болмақ. Себебі сол кинода келін мен ене арасындағы сыйластықтың жоқтығы, олардың ит пен мысықша ырылдасып жүргені айқын көрсетілген. Неліктен нағыз қазақ берер тәрбиені айқындайтын, әр азамат сүйсіне отырып көретін фильм шығаруға режиссерлеріміздің қауқары жетпейді.

Голливуд жұлдыздарына еліктеген актерлеріміз де, фильмнің жанын түсініп, табиғатына ене алмай жатыр. Бұған себеп туа біткен дарын мен бойға біткен білімнің кемшілігі шығар. Алайда білім алу үшін алға жетелейтін күш болу керек. ХХІ ғасырдың мотивациялық күші ақша дей келсек, сол ақша бүгінгі актерлеріміздің қажеттіліктерін толықтырмай отыр. Атақты актер Тұңғышбай әл-Таразидің өзі қарапайым жұмысшының айлығымен тең алмаса, көп емес. Мұндай жағдайдан соң елімізде актерлік мамандықтарға деген қызығушылық та күрт төмендеуі хақ.