Hi-Tech
Әрбірі 25 мың доллардан
Байқау қазан айының 5-20 аралығында өтеді. Екі байқау да дизайнерлер арасында жарияланып отыр.
Бірінші байқауға тоқталсақ. Дизайнерлер кемінде үш суреттен тұратын анимациялық стикер жасау керек. Бұл стикерлер компания шарттарына сәйкес келу қажет. Жүлде қоры – 25 мың АҚШ доллары.
Ал екінші байқауда дизайнерлер Telegram–ға тема жасауы қажет. Бұл тақырыптар екі платформаға да бейімделе алуы керек. Екі платформа дегенде, мәселен, десктоп және iOS. Сондай-ақ тақырыптар телеграм шарттарына сәйкес келуі керек.
Жұмыстары үздік болған жеңімпаздар 27 қазанда белгілі болады. Жүлденің жалпы сомасы $50 мың болғанмен, әрбір байқау жеңімпазына $25 мың беріледі.