Саясат

Талдау: Мұхтар Әблязов Ержан Тәтішовты не үшін тапсырыспен өлтіруі мүмкін

Ержан Тәтішовтің өлімінің себебі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Хабар» телеарнасы «Большая неделя» бағдарламасының арнайы шығарылымында  «Тұран Әлем» банкінің бұрынғы басшысы Ержан Тәтішовтің өлімінің себебін талқылады.

Арнайы хабарға банкирдің өліміне қатысты оқиғаның ақ-қарасын талқылауға қайтыс болған бұрынғы басшысы Ержан Тәтішов отбасының адвокаты Евгений Яворский, судья Азамат Тілепов, Бас прокуратурадан Ержан Ермұханбетұлы, блогер, қоғам қайраткері Денис Кривошеевтер қатысты. Сондай-ақ «Қазшынықұрылыс» мекемесінің бұрынғы басшысы Мұратхан Тоқмәди жазасын өтеу мекемесінен тікелей байланысқа шықты. Мұратхан Тоқмәди банктің бұрынғы басшысы Ержан Тәтішевті тапсырыспен өлтіру ісі бойынша оқиғаның қалай өрбігенін талдап, айтып береді. Сондай-ақ 2001-2006 жылдары Ұлттық қауіпсіздік комитетін басқарған Нартай Дүтбаев, Ержан Тәтішевтің бұрынғы жеке күзетшісі Сергей Козликин банкирдің өлімінің қалай, қайда, қашан болғанын талдады.

Бағдарламада экс-банкирдің өліміне қатысты деректерді шетелдік сарапшылар «Мұхтар Әбілязовтың тапсырысымен Ержан Тәтішевті өлтірдім» деген Мұрат Тоқмәдидің уәжін жан-жақты талқылап шыққан. Бастапқыда «Ержан Тәтішевті байқамай атып алдым» деп ақталған Мұратхан Тоқмәди банкирді әдейі өлтіргенін мойындайды. Тапсырысты орындағаны үшін 4 миллион долларға келіскенін де айтып өтеді.

Оқиғаның ұзақ тергелуі жайында алдағы уақытта толықтай жазатын боламыз.

abai.kz