Саясат
Қазақстандықтардың жағдайы қандай?
АӘК аз қамтылған азаматтарға және табыс мөлшері төмен отбасыларға беріледі. Бүгінде екі миллион адамға немесе 405 мың отбасыға АӘК төленіп жатыр. Осы мақсатта мемлекет бюджетінен 204,5 миллиард теңге бөлінген. Оның 70 пайызы төленіп қойды.
Өңірлерге бөліп қарастыратын болсақ, АӘК-ті еліміздің оңтүстік аймақтары көбірек алады екен - 65 пайыздан асады, бұл Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстары мен Шымкент қаласы. Алматы қаласы мен Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында АӘК алушылар саны айтарлықтай аз.