Денсаулық
1 айда 5келі салмақ тастағыңыз келе ме?
Қыздардың теледидар, журнал беттерінен интернеттен көшіріп алып ұстанып жүрген диеталары адам ағзасы үшін қауіпті болуы мүмкін. Медицинада қандай да бір препаратты енгізу үшін он жыл бойы оның тиімділігін, ағзаға тигізетін әсерін тексереді. Диетаға да солай қарау керек. Бұл диеталардың денсаулыққа еш залалсыз артық салмақтан арылуға көмектесетінін ешкім дәлелдеген жоқ.
Диета ұстағыштарға айтарым, еттің қай түрінен болса да бас тартуға болмайды.
Бұдан адам буындарындағы, бауырдағы ақуыз қоры құлдырауы мүмкін. Сүт тағамдары жайлы ұмытпаған жөн, өйткені оның құрамында ақуыз бен кальций бар. Көпшілігіміз дәрумендер тек көкөністер мен жемістерде ғана деп есептейміз. Рас, олар табиғи дәрумендерге бай. Солай деп басқа тағамдардан бас тартсақ, ағзаға зиян келтіруіміз мүмкін.
Арықтаймын деп ашығу анорексияға алып келетін төте жол.
Ағза қалыпты қызмет етуі үшін және дұрыс салмақ тастау үшін қандай тәртіппен тамақтану керек?
6:00 – 7:00 |
Оянғанда 1 стакан жылы су |
Таңғы ас 9:00 – ге дейін |
(міндетті түрде) майсыз ірімшік, тәттісі аз йогурт, жұмыртқа ағы, майлылығы аз айран 1 стакан немесе овсянка печеньесі екеу. Осы тағамдар таңғы ас кезінде қуат береді |
11:00 |
2 жұмыртқа (1 сарысы және 2 ақуызы) немесе сүзбе 0% + йогурт 0,1% |
Түскі ас 13:00 |
70 грам (күріш чечевица)+ тауық еті, сиыр еті + көкөніс салаты |
16:00 – 17:00 |
50 грамм қарақұмық + тауықтың төс еті |
20:00 |
Балық еті+ буға піскен көкөністер+ жеңіл салат |
Ұйықтар алдында |
Сүзбе 0%+ майлылығы аз айран және көк шәй |
Жейтін тамақтың көлемі екі алақанымызды қосқандағыдай көлнмдн болу керек. Аз-аздан жиі тамақтанған өзімізге жақсы. Ас қорыту процесі өте тез жүреді.
Есте сақтаңыз!
Тәтті, ұннан жасалған тағамдарды ұмытыңыз! (арықтағыңыз келсе, әрине)
Тамақпен бірге суды араластырып ішпеңіз. Тамақтанардан алдын 25 минут, тамақтанып болған соң 1,5-2 сағаттан соң ғана су ішуге болады. Күніне еең кемі 1,5 литр су ішіңіз.сонда метоболизм жақсы жұмыс атқарады. Шәй, сок, компот сияқты сусындар судың орнын баса алмайды.
Міне осы қағидалар мен тамақтану тәртібін дұрыс әрі уақытылы орындасаңыз деніңіз сау әрі сымбатты дене мүсініне ие боласыз!