Саясат
Қауіп қайдан?
Аждаhар қаhарын шашпасын делік, әйтпесе, уытын қалай қайтарамыз?!
Жері мен жұмысы тапшы миллиардттар елінен келгендер саны соңғы 20 жылда біршама көбейіп кетті. Тәуелсіздік алғаннан бері олардың 7000-ы Қазақстан азаматтығын алып үлгерген. Тіптен, өздерінің осы елден ұрпақ таратқысы келетіндігін жасырмайтын қытайлардың айтуынша: "Қазақтан қыз алсам, балаларымның hас сұлу болатындығына күмән келтірмеймін!" дегенді алға тартады. Ұл бала - отбасын, қыз бала - ұлтты тәрбиелейтіндігін бұл тарапта естен шығармағанымыз жөн.
Жай ғана Алматының өзінде:
1. 100-ге жуық қытай кафесі;
2. 270 бірлескен кәсіпорын;
3. 2 банк;
4. 48 жанармай бекеті;
5. "ЯЛЯН" сауда орталығы бар.
Тіптен, 20 жылдың ішінде әділет министрлігінің айтуынша, Қазақстан - Қытай сауда статистикасында Қытайдың иелігіне өтіп кеткен компаниялар:
* Ақтөбемұнайгаз – 85,32%
* Маңғыстаумұнайгаз – 47%
* ПетроҚазақстан – 67%
* Қазгермұнай – 50%
* Қаражанбасмұнай – 50%
* Павлодар мұнай өңдеу зауыты – 58%
* Шымкент мұнай өңдеу зауыты – 50%
* Азия Газ құбыры – 50%
Уақытша жабық есік саясатын ұстанбасақ, тауарларынан гөрі адамдарын экспорттауы тиімді жері тапшылдардың әлі еселенбесіне кім кепіл?!