Bugin

Тайландта судья кінәсіздерге қатысты әділ емес үкім үшін өзіне қол жұмсамақ болған

Оқиға сот залында орын алған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Тайландтың оңтүстігіндегі Ялла провинциясының қылмыстық сотының аға судьясы үкім оқылғаннан кейін, өз-өзіне қол жұмсамақ болды, деп хабарлайды РИА Новости.

- Судья дереу ауруханаға жеткізіліп, ота жасалды. Қазір жағдайы орынша, - делінген Thaiger хабарламасында.

Оқиға жұма күні болған. Судьяның өзіне қол жұмсауға итермелеген нәрсесі - жоғарғы соттың оның ақтап шығарған қылмыскерлерін кәніл деп шығарып, айып тағу еді. Жоғары сот қару-жарақ сатқан қылмыскерлерді ұзақ мерзімге соттаған көрінеді. 

Бұл шешімді жоғары сот әлеуметтік желіде таратып, мұны оқыған бұрынғы судья қатты түңіліп кеткенге ұқсайды. 

Өз-өзіне қол жұмсамақ болған судьяның айтуынша, іс бойынша дәлелдемелер сотталушылардың кінәсіздігін растаса, ал жаңа қаулыда кінәсіздерді ұзақ жылдарға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Бұл туралы ол Facebook әлеуметтік желісіндегі аккаунтында сот залына бармай тұрып және үкімді оқымай тұрып жариялаған болатын. Судьяның бұл жазбасы жұма күні кешке алынып тасталды, бірақ сенбіде оның достары оны айыпталушыларды ақтау туралы шешімі бар мәтінмен бірге тағы жариялады деп хабарлайды Thaiger.