Weekend

Ғ. Мүсірепов театрында - премьера

Рэй Кунидің спектаклі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазан айының басында Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында әлемге танымал Рэй Кунидің "№13" спектаклінің премьерасы өтті. 

Бұл пьесадағы басты кейіпкерлер Ричард Уилли мен Джордж Пигденнің бастан өткен оқиғалары сізді күлдіріп қана қоймай, ойлануға шақырады. Ричард кейіпінде Мақсат Сәбитов және Джорджы сомдаған Ербол Садырбаев халыққа қойылымның ұнауы үшін аянбай тер төкті. 

Сіздерді де осы спектакльдің куәсі болуға шақырамын. Келесі көрсетілімдер 16 және 27 қазан күндері болады.